Облыстық Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді (IP: 77.245.105.165 ) әзірленгенін хабарлайды.
- Қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», « Abai.Institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қордыбайытуға бағытталған «Emle.kz», « Termincom.kz», «Sozdikqor.kz», « Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісімен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған «Tilalemi.kz» сайты.






