Атауы Жүктеу
1 Бұйрық   
2 Мектептегі тамақтану 2022-2023

2021-2022 оқу  жылы  бойынша «№17 жалпы орта білім  беретін  мектеп» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  асханасын  зерделеу   туралы  мәлімет.

 

№17 жалпы  орта  білім беретін  мектеп  асханасының  көлемі 45 шаршы метр. Асхана  жабдықтары: Холодильник  1 дана, морозильник 1 дана, Электроплита с духовкой 1 дана, микровольновый  печь 1 дана, таразы 1 дана,аристон 1 дана, насос подпиточный 1 дана, шкаф для посуды 1 дана, асхана  үстелдері – 5 дана, оқушылардың тамақтану  үстелі 4 дана, орындықтар саны 24 дана  осындай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мектеп  асханасы -24 орындық . Биылғы жылы оқушылардың  ыстық тамағын  ұйымдастыру  үшін  бір  көзден  алу  тәсілімен  жеке  кәсіпкер  Р.Кубашеваның  ұтуымен  ұйымдастырылды.     

Мектептің  1-4  сынып  оқушылары мен аз  қамтылған  оқушыларын  бір  мезгіл  тегін ыстық  тамақпен  қамтамасыз  ету, ас  мәзірінің  сапасын  тексеру, мониторинг  жүргізу  мақсатында комиссия құрамы бекітіліп, бұйрықтары шығарылды. Ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі жасақталып, оқушылардың бір  реттік  тамақтану  нормаларын, ас мәзірін  талдау, азық-түліктерді  уақытылы  пайдалану және олардың  сақталу  мерзімін комиссия  мүшелерімен уақытылы  қадағалау жолға  қойылған.  Мектеп  бойынша 2021-2022  оқу  жылы  бойынша 247 оқушы  білім  алуда. 1-4  сынып  оқушылары  арасында 126 оқушы, оның  ішінде  аз қамтылғаны-17 бір оқушы үйден оқиды (Айса Батырхан). 5-11сыныптар  бойынша  -118 оқушы, оның ішінде аз қамтылғаны- 20 оқушы. Мектеп бойынша жалпы осал топтан шыққан  оқушы саны- 37.  Биылғы жылы барлығы - 145  оқушы тегін  ыстық  тамақпен  қамтылып  отыр. Жалпыға  бірдей І- апталық ас мәзірі жасақталып, 1 күнге 1 балаға 250 тенге болып  бекітілді.  Күнделікті  тағам сапасы тексеріліп, қаралып  отырылады. І-кезекте -63  оқушы, ІІ-кезекте- 82 оқушы  тегін ыстық  тамақпен қамтылып  отыр. Ай сайын ыстық тамақпен қамтылған  оқушылардың  табельдері мен  актісі  жасалып, ауырып қалған оқушылардың  анықтамасы  алынып, есеп бөліміне  бір данасы  тапсырылып отырылады.

Өз  қалталарынан  сатып алуды ұйымдастыру  мақсатында  күнделікті ыстық  пирожки  мен  кептірілген  жемістен қайнатылған шырын сатылу  жолға  қойылған. Сатуға  тыйым  салынған  тағамдарға  жол берілмеген. Оқушылардың уақытылы тамақтануына және  тамақтану  режимінің сақталуына, тазалығына үнемі бақылау жасап отыру  комиссия  мүшелері мен  сынып  жетекшілерге міндеттелді. Асханада кезекшілік кестесі  шығарылып, жасақталды. Асханаға әкелінген  шикізат  өнімдерінің саны мен сапасы,сақталу мерзімі тексеріліп, актісі жасақталып, сайтқа  орналастырылып  отырылады.

Мектеп директоры:                                                   Д.Андамасова


«№17  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп»  КММ  бойынша  2021-2022  оқу  жылындағы  Қамқоршылық  кеңестің  жұмысын  ұйымдастыру  және мектептегі тегін тамақтануды  зерделеу жөнінде  мәлімет.

Қазақстан  Республикасы  Білім  және ғылым  министрінің  «Білім  беру ұйымдарында  қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік  қағидаларын бекіту» туралы 2017  жылғы 27 шілдедегі  №335  бұйрығына  сәйкес №17 жалпы  орта білім беретін мектепте Қамқоршылық кеңес қызметіне төраға мен мүше сайланып, бұйрығы шығарылып, жоспары бекітілді. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ 1 төраға мен 8 мүше  болып тоғыз адамнан құрылды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етіп, және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етіп отырады. Қамқоршылық  кеңесі  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің  құқықтарын  сақталуына, қайырымдылық көмектің  жұмсалуына,  түскен  қаржыны бөліп, оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды. Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын мектеп қызыметкерлері арасынан тағайындалды. Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді. 2021-2022 оқу  жылы  бойынша  кеңес  құрамымен  атқарылған  жұмыстарға  тоқтала  кетсек.

Жылыой  ауданы білім бөлімі  Атырау облысы  білім беру басқармасының  2021  жылғы  03  тамыздағы  №15-4-10/2669  шығыс  хатына сәйкес, «Мектепке  жол»  акциясын  ұйымдастыру бойынша  осал топ  қатарындағы көмекке мұқтаж отбасы балалары анықталып мүмкіндігі  шектеулі 2 оқушыны ерікті  демеушілер,  «Айша-Бибі» азық түлік дүкен иесі жеке кәсіпкер О.Сәденов пен «Шырай» азық түлік  дүкен иесі  жеке  кәсіпкер С.Мырзабаев мектеп формасымен және оқу құралдарымен  қамтамасыз етті. Сонымен қатар аудандық депутат Т.Қабдешұлы 50 000 теңге қаражатпен көмек қолын созды. Көрсетілген қаражатқа кеңес  құрамының шешімімен, ерекше  балаларға мектеп  құралдары мен дамытушы  құралдар  алынды.

Мектеп  бойынша  ыстық  тамақпен  қамтуды  ұйымдастыру  мақсатында  білім беру  сайтында «балалардың тамақтандыруын ұйымдастыру» айдарына материалдар орналастырылды. Тегін тамақтану  қызметін  алатын  осал топ оқушылары ата-аналарына  өтініш беру  тәртібін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жаңа оқу  жылында тамақтандыруды ұйымдастырушылар мен қызмет көрсетушілер туралы мәліметтерді және салауатты тамақтандыру бойынша ақпараттар, фотосуреттер орналастыру жұмыстары қолға алынды. Мектеп бойынша 1-4 сынып аралығында 125  оқушы, 5-11 сынып аралығында 20 оқушы конкурстық тәсілмен жеке  кәсіпкер  Р.Кубашеваның  ұтуымен  тегін  ыстық тамақпен қамтылып  отыр.

Кеңес  мүшелерімен ай сайын тамақтың  берілуі  мен  асхана  тазалығы қаралып,  зерделеніп  отырылады. Күнделікті тағам  сапасын комиссия мүшелері тексеріп, қадағалап отырады. І-кезекте -63 оқушы, ІІ-кезекте - 82 оқушы  тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Ай сайын ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың  табельдері мен  актісі  жасалып, ауырып қалған  оқушылардың  анықтамасы  алынып, есеп бөліміне  бір данасы  тапсырылып отырылады.

Жоспарға сәйкес кеңестің 2 отырысында  Атырау облысы Білім  беру  басқармасы  Қазақстан  Республикасы  Президенті атынан ұйымдастырылатын Жаңа жылдық шыршаға қатысатын жетім, жартылай жетім, ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше балалар, азқамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан балалар арасынан құрам мүшелерімен ортақ шешімге келіп жартылай жетім  әрі  көп  балалы  отбасы  баласы 4 сынып оқушысы Тағанқызы Алтынай  ұсынылып,  ауданға  жолданды.

Мектеп  директоры:                                         Д.Андамасова


Название Скачать
1 Мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінде демалатын аз қамтылған отбасылардан шыққан аса мұқтаж оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету

  «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бойынша аз қамтылған, жартылай жетім, ерекше балаларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтудың сапалы ұйымдастырылуы жөнінде жұмыстардың орындалысы туралы мәлімет.

Мектеп директорының бұйрығы бойынша мектеп асханасындағы оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру туралы, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракеражды комиссия құру туралы, мектеп асханасында берілетін аз мәзірінің сапасын тексеру туралы бұйрықтар шығарылып, бекітілді. Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметіне шақыруға «ИП Бердигалиев» келісім берді.

2020-2021 оқу жылы бойынша мектепте 231 оқушы білім алды. Мектеп бойынша көп балалы отбасынан 20 бала, жартылай жетім отбасынан 13 бала, ерекше білімді қажет ететін 6 оқушы, осал оп бойынша барлығы 39 оқушы. Осал топ оқушыларына ыстық тамақпен қатар «Мектепке жол» акциясы кезінде де, пандемия кезінде де, ерікті демеушілер мен міндетті білім қорынанда көмектер берілді.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46 қосымшасына және Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 10 ақпаандағы №3 қаулысы және Атырау облысы білім беру басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы №15-4-13/489 шығыс хатын негізге ала отырып, конкурс тәсілімен жеке кәсіпкер Р.Бердигалиев шақыртылып 1 наурыз айында 125 бала қамтылса сәуір айының 01.04-16.04 аралығында 133 бала, 19.04-30.04 аралығында онлайн форматқа көшу мақсатында 87 бала тамақтанды. Мамыр айында ахуалғабайланысты тамақтану тоқтатылды. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөнінде 8 адамнан құралған бракеражды комиссия құрылып дайын тағамдардың сапасын тексеру күн сайын сынама алу, бағалау журналына жазба енгізу сияқты жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жалпы осал топ оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар көрсетілетін көмектер, құжаттар жинақтаулар ата-анамен, сынып жетекшілермен бірлесіп жүргізіледі.

Дайындаған: Әлеуметтік педагог                                     Л.Достанова