4 ақпан күні Казталов мектеп-лицейінде"Өзін-өзі тану"онкүндігі аясында "Ән—көңілдің ажары" атты концерттік бағдарлама оздырылды.
Кештің барысын мектеп президенті Қабиболла Жайна тізгіндеп, алғаш сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. А. Максотоваға берілді.
"Шеберлік" пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген кеште бастауыш және орта буын оқушылары әннен шашу шашып, сахна төрінен көрінді.
"Ана"," Туған жер", "Бейбітшілік" тақырыптарында патриоттық әндер шырқалып, әсерге толы кеш болды.
Кештің сәнін келтірген таланатты оқушыларымызды айтар болсақ;
"Анашым қүдыретіңе табынамын" әнімен 4 а сынып оқушысы Миржан Асия ерекше өнер көрсете,
3 а сынып оқушылары Қабдол Азамат және Мирасұлы Алидің орындауында рухты hәм патироттық ән шырқалды.
Қазақтың қасиетті домбырасын жанына серік еткен 3 а сынып оқушысы, Саз мектебінің үйірмесіне қатысушы Ермұхан Медеу болса, домбыраны сан құбылтып, көңілдің сырын шертер күй тартып берді.
"Қазақстан бақыты" әнімен сахна төрінен табылған 5 б сынып оқушысы Мүтиғолла Айымбек қоңыр дауыста ән салып, көрермендерді өзіне баурап ала білді.
4-сынып оқушысы Болат Айару болса, "Ақкөгершін" әнімен жүректерге жол таба біліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
"Егемен ел Қазақстан" әнімен Маратова Арухан атты оқушымыз өнер көрсетіп,ән кешін әсерге бөледі.
Музыка пәнінің мұғалімі Лилия Сергейқызының сүймелдеуімен 5 а сынып оқушыларынан құралған хор тобы, халық әні "Қоғалайды" орындап, халық әнінің өміршеңдігін жеткізе білді.
Концерттік бағдарлама соңы Болат Айарудың орындауындағы әсем әнмен өріліп, кеш жүргізушілерінің қорытынды сөзімен тәмамдалды.















